Қазақстанда вейпке түбегейлі тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда вейпке тыйым салынуы мүмкін. Қазіргі таңда бүкіл әлем үшін өзекті мәселе Астанада талқыланды. Бүгінде Қазақстан вейп контрабандасы бойынша дүниежүзінде 5 орында тұр. Дәрігерлер түрлі-түсті құтыдан шығатын тәтті түтінге оқушылар алданып отыр деп дабыл қағуда. Ел Президенді Қасым-Жомарт Тоқаев осы қауіпті үрдіспен күресуді жауаптыларға бес ай бұрын тапсырған. Өз сөзінде «Вейп пен есірткінің арасы бір-ақ қадам» деп шегелеп айтқан. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазақстандық кеңсе басшысы кальян шегетіндерге де қатаң түрде шектеу қою керек дейді.
Скендер Сыла, ДДС ұйымының Қазақстандағы кеңсе басшысы:
Өкінішке қарай, бүкіл әлем бойынша кальян тұтыну артып барады. Кальян қоғамдық орындарда, бөлмелерде өте жиі пайдаланылады. Бұл темекі шегудің пассивті түрін арттырады. Кальян тартылған бөлмедегі ауа темекі шегілген үйдегі ауаның сапасымен бірдей. Ол бәрібір улы. Біз болашақ ұрпақты осындай зиянды өнімдерден қорғауымыз қажет.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14