Адам ағзасын алып-cатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Адам ағзасын саудалаумен айналысқандар туралы тың дерек шықты. Қылмыстық топтың 15 мүшесі өзінің ішкі органдарын сатқысы келетіндерге ақша ұсынған. Олар істі жеделдету үшін қомақты қаражат көрсетіп, аз уақыттың ішінде адамдардың келісімін алған. Қылмыстық топ құрамындағы нотариус жалған құжат жасаумен, ал дәрігерлер операция жұмыстарын жүргізген.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қазан күні жедел іздестіру іс-шаралары кезінде ағзасын саудалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілген болатын. Алматы, Жамбыл және Түркістан облысындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 22 адамды ұстады.
Дулат Қайыр, Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:
Жүргізілген арнайы ауқымды операция барысында Қазақстанның 5 өңірінде күдіктілерді тұрғылықты жері бойынша Қонаев қаласында санкциялаған тінту жүргізілді. Істің негізгі қатысушылары уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар 6 мыңнан асты
04.08.2026, 17:12
Сарапшы: Сайлау – әділ әрі ашық қоғам кепілі
04.08.2026, 17:07
Өткен айда теңге 1,3%-ға нығайды
04.08.2026, 17:05
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс артып келеді
04.08.2026, 17:03
Ішкі тауар айналымының көлемі ₸36,2 трлн-ға жетті
04.08.2026, 17:00
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17