Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
Дәл қазір Болашақ ойындарында фиджитал-футбол жарысы аяқталуға жақын. Әлемнің 16 үздік клубы 625 мың АҚШ доллар жүлде қорын сарапқа салып жатыр. Осы доп додасы өтіп жатқан алаңнан әріптесім Ернұр Медет ақпарат таратуға дайын. Ернұр, фиджитал футболдың өзгешелігі неде? Ойын ережесі қандай?
Ернұр Медет, тілші:
Қайырлы күн, Дархан. Бұл Доп пен джойстик, шынайы шеберлік пен технологиялық тактика тоғысқан тартыс. Басты ерекшелігі – бір матч екі кезеңнен тұрады. Алдымен командалар арнайы симулятор арқылы монитор алдында екі тайм ойнайды. Цифрлық кезеңде тіркелген есеп сол күйінде жасыл алаңда да сақталады. Одан кейін қарсыластар 5×5 шағын футболдан екі тайм өткізеді. Әр таймның ұзақтығы бес минут. Егер екі кезеңнен кейін де таразы басы тең түссе, жеңімпаз пенальтилер сериясында анықталады. Бұл бәсекеде Қазастан атынан екі құрама бақ сынап жатыр. Жаңа ғана алғашқы болып Отандық ЮЕЛ командасы Аргентиналықтармен кездескен еді. Көпшілік жақсы танитын Арнольд Кнауб бастаған жігіттер өкінішке қарай Мессидің жерлерстеріне есе жіберді. Негізгі уақыт 1-1 болып аяқталған. Пенальти сериясында біздің 5 жігіт 5 метр қақпадан саңылау таба алмады.Дегенмен әлі үміт үзбейміз. Жанкүйерлер кешкі сағат 6-да тағы бір Қазақстандық Аллур командасының ойынын тағатсыздана күтіп отыр
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17
Семейде ескі стадионнан адам мүрдесі шықты
04.08.2026, 13:15
Ресей Мароккодан 30 мың тонна бензин алған
04.08.2026, 13:12
Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
04.08.2026, 13:10
Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады
04.08.2026, 13:07
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05
«Бейнеу – Сексеуіл» жолы өңірлерді байланыстыратын маңызды жоба
04.08.2026, 13:03