Қазақстанның Түркі елдерімен сауда байланысы 3 есеге артты
Елімізде өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті – Орталық Азиядағы экономикалық әлеуетімізді одан әрі нығайтуға жол ашады. Әрі халықаралық көлік дәлізіндегі функциямызды нығайтуға сеп болмақ. Бұл - Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшыларының пікірі.
Соңғы 13 жылда еліміздің түркі мемлекеттерімен сауда байланысы 3 есе артқан. Тауар айналымының 74 пайызы қазақстандық экспортқа тиесілі. Қаржы түсімі 4,5 млрд-тан 13 млрд долларға жеткен.
Айдар Құрмашев, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:
Қазақстанның байланыстары жан-жақты болуы қажет. Тек қана Ресеймен Қытаймен ғана емес. Сонымен қатар түркі мемлекеттерімен байланысты орнату – ол белгілі бір аймақтық балансты әкеледі. Біздің орта және кіші бизнесте осы сауда байланыстарына өздерінің үлесін қосу қажет деген ойдамыз.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындарының» жетінші күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті
05.08.2026, 10:10
Астанада Жерұйық саябағы аумағында рейд жүргізілді
05.08.2026, 10:07
Бәтима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылады
05.08.2026, 10:07
Еліміздің 17 өңірі мен астанада дауылды ескерту жарияланды
05.08.2026, 10:06
Тойда теріс пікір айтқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
05.08.2026, 10:05
Алматыда жаңа стадионның құрылысы басталды
05.08.2026, 10:04
АҚШ-та қасақана өрт қойды деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды
05.08.2026, 10:04
Түркістан облысында Құрылтай сайлауында 952 учаске ашылады
05.08.2026, 10:03