Өзбекстанда балалардың дәріден уланғаны белгілі болды
Өзбекстанның Наманган облысында жаппай ауруханаға түскен балғындар иод тапшылығына қарсы препараттан уланған. Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрі ресми түрде растады. Бұл келеңсіздікке қатысы бар қызметкерлердің заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.
Базаркүл Отыншиева, тілші:
Құрамында йоды бар дәрі балаларға шамадан тыс мөлшерде берілген. Мұны толығымен растаймын. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Амрилло Иноятов осылай деп мәлімдеді. Ол мұны Олий Мәжілістің пленарлық жиынында айтты. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында кемшілік тым көп екенін, мәселені түбірімен шешуге бел буып отырғанын да қоса кетті.
Амрилло Иноятов, Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрі:
Бұл оқиғаға қатысы бар тұлғалар заң алдында жауап беруді бастады, олардың ешбірі жазадан қашып құтыла алмайды. Мен министр ретінде жауапкершілікті мойныма алып, алдағы уақытта мұндай келеңсіздікке жол берілмейтінін мәлімдеймін.
Базаркүл Отыншиева, тілші:
Еске салайын, 21 қыркүйекте Наманган облысының Чуст ауданында 70-тен астам бала уланып, ауруханаға түскен. Артынша ресми органдар науқас балғындар саны 450 ге жеткенін хабарлады. Дене қызуы көтеріліп, іші ауырған жеткіншектердің улануына құрамында йоды бар препарат себеп болуы мүмкін деген болжам сол тұста айтылған. Денсаулық сақтау министрлігі тергеу аяқталғанша «Антиструмин» препаратын қолдануға тыйым салды. Жедел жұмыс тобы құрылған, зерттеу әлі жүріп жатыр. Қоғамды дүр сілкіндірген бұл іс қазір бас прокуратураның назарында.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары-2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді
29.07.2026, 13:06
Этнос өкілдері Құрылтай сайлауын талқылады
29.07.2026, 10:50
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетті
29.07.2026, 10:41
Босануға байланысты төленетін ең жоғары әлеуметтік төлем мөлшері - 2,5 млн теңгеге жетті
29.07.2026, 10:39
Ақтауда баланың жақ сүйегін зақымдаған тіс емханасына қатысты іс қозғалды
29.07.2026, 10:37
Жалған құжатпен зейнетақы алғандар анықталды
29.07.2026, 10:36
Астанада қауіпсіздік белдігін тақпаған 20 мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салынды
29.07.2026, 10:26
Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
29.07.2026, 10:24