Абай облысында Мақаншы ауданын құру жұмысы қарқын алды
Президент тапсырмасы бойынша Абай облысындағы Мақаншы ауданын құруға қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Қазір аудан орталығына салынатын әкімшілік ғимараттардың жобасы жасалуда. Жаңа ауданға 11 ауылдық округ, 18 елдімекен кіреді. Мамандар Қытаймен шекарада орналасқан өңірдің экономикалық әлеуеті жоғары болады деп болжайды. Өйткені көрші елмен сауда-саттық Бақты кеден бекеті арқылы жанданбақ. «Аягөз-Бақты» темір жолының да құрылысы келер жылдан басталады. Шойын жол өңірдегі бірнеше елдімекенді басып өтіп, ол жерлерде қосымша жұмыс орындары ашылады. Бұл Мақаншы ауданнының аз уақытта аяғына тұруына сеп болмақ.
Ақылбек Башимбаев, Үржар ауданы әкімнің міндетін атқарушы:
Аягөзден шығып, Таскескен, Үржар, Мақаншы және Бақты ауылдарында станция түсіру жобаланып отыр. Енді 3 мыңға жуық қосымша тұрақты жұмыс орындары ашылады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00