Елімізде мыңнан аса ақсақалдар кеңесі жұмыс істеп тұр
Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде 1116 ақсақалдар кеңесі жұмыс істеп тұр. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асты. Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан «Ақсақалдар алқасын» құруды ұсынған болатын. Мақсат - халық бірлігін нығайтуға бірлесе күш жұмылдыру, жастарды арандатушылықтан сақтау және оларға дұрыс жол сілтеу. Достық үйінде өңірлік ақсақалдар кеңесі төрағалары бас қосты. Олар қоғамдық институттың тиімділігі мен алдағы жоспарларын пысықтады.
Роман Рахиев, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Қазір бәрі заңға жүгінеміз. Ол өте орынды. Дегенмен де сол заңға дейінгі көп жағдайда ауылдық деңгейде, ақсақалдар деңгейінде шешілетін мәселелер жеткілікті. Отбасылық жағдайлар бар. Балалардың арасындағы түрлі жағдайлар болады. Биылдың өзінде біздер «Казхром», «Облгаз» сияқты мекемелерде болып, ұжым қызметкерлерімен кездестік. Осының барлығы сол көп жағдайда көзге көріне бермейтін, бірақ түрлі жанжалдың алдын алу мәселелері деп білемін.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04