Павлодарда жатақхана төңірегінде дау туды
Павлодардағы жоғарғы оқу орны дайын нысанды тартып алмақшы деп алаңдаулы. Тараптар осыдан төрт жыл бұрын мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында құрылысты бастаған. Биыл тамызда 600 студент жаңа жатақханаға қоныстанған болатын.
Қазір жатақхана жұмыс істеп тұр. Студенттер алаңсыз. Тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Бес айдың ақшасын төлеп қойдық-дейді «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан Ұлжалғас Қарсыбай. Ол бірінші курста ескі жатақханада тұрған.
Ұлжалғас Қарсыбай, студент:
Бір бөлмеде 6 қыз тұрдық. Кереуеттің үстінде кереует болды. Бөлме іші тар. Жағдай жасалмаған. Ас үйі мен жуыну бөлмесі бірге болды. Ал қазір 3-ші жатақханаға көштік. Ішінде жағдай жасалған. 1 бөлмеде 2 қыз тұрамыз. Кең әрі жайлы тұрып жатырмыз.
Жатақхананы Торайғыров университеті мен инвестор бірлесіп басқарады. Дау студенттерді орналастырып, яғни, алғашқы ақша түсе бастағаннан кейін басталған. 600 студенттен 5 айға 40 млн. теңгеге жуық қаржы жиналады. Бұл ақша университеттің есеп шотына түскен. Одан бөлек қыркүйек айында оқу орны жатақхананы өз атына аударып алады. Келісімшарт бойынша инвесторда тең құқылы меншік иесі болуы керек екен. 6 жылға дейін түскен пайданы тең бөлісуге құқылы немесе университет бірден сатып алуы керек. Кәсіпкер жатақхананы нарықтағы құнынан төмен бағамен ұсынған.
Қанат Қаймолдин, инвестор:
Шаршы метрінің бағасы 120 мың теңгеден кішкене ғана асады. Қазіргі таңда ол өте төмен көрсеткіш. Қалада шаршы метрінің құны 300 мың теңгеден асады. Бірақ біздің 120 мың теңгеге толығымен қамтамасыз етілді, яғни, техникасы, жиһазы бәрі ішіне кіреді.
Бюджеттен бір тиын шығармай құрылысқа салынған қаржыны алты жылда жатақхананың өзі-ақ артығымен ақтап береді. Біз оғанда көнер едік дейді инвестор. Алайда, университет оларды сотқа берді.
Раушан Сәбитова, Торайғыров университетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасы басшысының м.а:
Құрылыс нысаны пайдалануға жарамды деп тіркелгеннен кейін 90 күн ішінде университетке мердігердің үлесін жобалау сметалық құжаттарында көрсетілген бағасына сатып алуға болады. Біз осы құқымызды пайдалану үшін сотқа шағым арыз түсірдік. Егер сот олардың үлесін анықтап берсе біз оны бастапқы белгіленген бағасына сатып аламыз.
Инвестор да университетті сотқа берді. Оқу орны меншік иесіне қатысты кейбір құжаттарды алмастырды және нысаннан түскен қаржыны жеке пайдаланып отыр деп арызданыпты. Бір жақсысы қос тарап та студенттердің жатақханада тұруына еш зиян болмайды, - дейді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00