Музыкалық жас көрермен театрында «Қоштасқым келмейді...» музыкалық драма премьерасы сахналанды
Бұл «Қоштасқым келмейді...» атты музыкалық драманың тұсаукесерінен үзінді. Музыкалық жас көрермен театрында бүгін де, ертең де Александр Володиннің шығармасының премьерасы болады. Шығарманы қазақшаға аударған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Орыс драматургінің терең психологизмге құрылған классикалық туындысы ерлі-зайыптылардың өмірін және олардың күрделі қарым-қатынасын баяндайды. Әртүрлі себептерге байланысты ажырасуға бел буған сегіз жұпты судья татуластыруға барын салады. Спектакльдің айта кетер бір ерекшелігі - әрбір оқиға қазақ композиторларының әндерімен әрленеді.
Асхат Маемиров, қоюшы-режиссёр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Біздің Қазақстан үш мемлекеттің қатарына еніп тұр ажырасу санының көптігі жағынан. Сондықтан осы дүниені біздің әсіресе сахнадағы әртістерді бей-жай қалдырған жоқ. Олардың өздерінің тарапынан болған ұсыныс болды бұл. Біз осы қоғамдағы осы бір өзекті мәселеге өзіміздің азматтық үнімізді қосқымыз келді.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17