Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі ұйымдастырған шараның алғашқы күні көпшілікке Рүстем Әбдіраштың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі көрсетілді. Ұлы дала үшін күрес және қазақ мемлекетінің құрылуын баяндайтын туындыны мажарлар тапжылмай тамашалады. Сондай-ақ, көпшілікке мажарстандық режиссер Тамаш Тоттың «Өліара» фильмі көрсетілді. Туынды қазақ халқының тарихындағы күрделі кезең: аштық пен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңін баяндайды. Қос туындыға да көрермен жоғары баға берді.
Дәуіт Шомфай, Мажарстандық этнограф-ғалым:
Қазақтар ежелгі ел, 5-ғасырда қазақ хандығы құрылып, 3- 4 ғасырдай қазақ хандығы күшті мемлекет болып тұрған Орта Азияда. Оның тарихын жақсы көрсеткен кино екен Рүстем Әбдіраштың. Біз қуаныштымыз соны көргенімізге.
Иштван, көрермен:
Мен Қазақстан тарихындағы қайғылы оқиғалар туралы жақсы білемін. Қазақ халқы қанша қиындық көрсе де, сынаққа мойымай, алға қарай ұмтылды. Фильмдер арқылы сол кезеңдегі трагедияны айқын сезіндік.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00