Үкімет энергетика секторын қорытындылады
146,5 млрд теңге. Биыл республика бойынша энергия нысандарының құрылысы мен оларды жаңғыртуға бөлінген қаржының көлемі осындай. Бұл туралы Үкімет жариялады. Сонымен қатар биыл Қазақстанда жалпы қуаты 495,6 МВт болатын 16 жаңартылатын энергия көздері объектісі іске қосылды. Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 11 айда 82,2 млн тоннаны құрады. Ал жыл басынан бергі мұнай және газ экспортына тоқталар болсақ, қара алтынның 64,3 млн тоннасы мен табиғи газдың 5,3 млрд текше метрі сыртқа шығарылды.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
Атом энергетикасы саласында да жетістіктер баршылық. Алғаш рет Қазақстан БАӘ-нің энергетикалық компаниясымен табиғи уранды жеткізу туралы келісімшарт жасасты. Көктемде төмен байытылған уран отынымен Ұлттық ядролық орталықтың реакторын энергетикалық іске қосу сәтті жүзеге асырылды. Ұлттық ядролық орталықтың мамандары сәулеленген жоғары байытылған уран отынын кәдеге жаратудың бірегей технологиясын әзірледі. Бұл технологияны МАГАТЭ мақұлдады.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16