Семейдегі сауда орталығындағы өртке байланысты тергеу басталды
Семейдегі «Ақшың» сауда үйіндегі өрт кеше кешке сөндірілді. Өртті өшіру жұмысы бір тәулікке жуық уақытқа созылған. Қазіргі уақытта, су төгу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 7 мың шаршы метр аумақты түгелдей от шарпыған. Сауда үйінің маңын әлі де полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздары қоршауға алып тұр. Адамдардың өтуіне тыйым салынған. Ал бір күнде барынан айырылып жұмыссыз, табыссыз қалған 2 мыңнан астам кәсіпкерден арыз қабылдау жалғасып жатыр. Қазір өрттің шығу себептерін анықтауда. Кейбір болжамдарға сәйкес, ғимараттың ішінде автоматты түрде қосылатын өрт сөндіру жүйесі дұрыс жұмыс істемеген болуы мүмкін. Оқыс оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әділ Братаев, Семей қаласының ТЖБ бастығы:
Құтқарушылар алғаш рет ғимаратқа кіргенде барлық жерде өрт сөндіргіш баллондар шашылып жатқан. Жұмысшылар бастапқыда өздері сөндіруге әрекет қылған. Қызыл жалынды өшіретін автоматты жүйе де іске қосылған. Қауіпсіздік үшін ғимаратты тоқтан ажыратқанда су сепкіштер де тоқтап қалған. Бірақ ол тоқ өшсе де жұмыс істеп тұруы тиіс.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00