Қырғызстанда бір жынысты некеге тыйым салатын заң жобасы қоғам талқылауына шығарылды
Қырғызстанда отбасы кодексінің бір жынысты некеге тыйым салатын жаңа жобасы қоғам талқылауына шығарылды. Құжатты елдің Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі дайындаған. Жаңа жобада некеге 18 жастан бастап тұруға рұқсат берілген. Түзетулерге сәйкес, некеге тек ер мен әйел ғана тұра алады. Мемлекеттік тіркеусіз діни неке қиюға тыйым салынған.
Бұл ережені бұзғандарға заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ, сотталып, жазасын өтеп жатқан азаматтарға некеге тұруға болмайды. Кодексті түзетудегі мақсат - отбасы институтын дамыту, дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтау және қоғам өмірінде отбасы рөлін арттыру.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экология министрлігі желіде тараған жолбарыс суретіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:07
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
06.08.2026, 10:06
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
06.08.2026, 10:05
Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 10:05
МӘМС-тегі миллиардтар бақылауға алынады
06.08.2026, 10:05
Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
06.08.2026, 10:05
«Жетінші арнада» партия өкілдерінің теледебаты өтті
06.08.2026, 10:02
Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
06.08.2026, 10:01