Қазақстанда 19 тағам қоспасына тыйым салынды
Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресейде 19 тамақ қоспасына тыйым салынды. Жаңартылған техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақта қабылданған. Тізімдегі қоспалардың біразына әлем бойынша шектеу қойылған. Мәселен, құмырсқа қышқылы, қызыл түскен бояушы кантаксантин мен құрамында алюминий бар заттар. Соңғысы құрғақ сүт, дәмдеуіш пен үгілген ірімшік жасауда қолданылады. Алюминийдің көп мөлшері орталық жүйке жүйесі мен бүйрек қызметін бұзып, онкологиялық аурулар тудыруы мүмкін. Сондай-ақ қант алмастырғыш - стевия да зиянды деп танылды.
Валентин Татарицкий, ЕЭК техникалық реттеу министрі:
Тамақ құрамында «Е» деген индекспен аталатын қоспаның болуы өте қауіпті. Жаңа техникалық регламенттің 70 проценті жаңа мәтінмен толықты. Бұл талаптарды толық орындау үшін 6 ай уақыт берілді. Аталған зиянды қоспалардан ада тағам түрлерін ғана Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тұтыну құпталады.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экология министрлігі желіде тараған жолбарыс суретіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:07
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
06.08.2026, 10:06
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
06.08.2026, 10:05
Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 10:05
МӘМС-тегі миллиардтар бақылауға алынады
06.08.2026, 10:05
Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
06.08.2026, 10:05
«Жетінші арнада» партия өкілдерінің теледебаты өтті
06.08.2026, 10:02
Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
06.08.2026, 10:01