Атырау облысы Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды
Атырау облысындағы Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қарғын судан қауіп төнген елдімекенде тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Аймақтағы ахуалды әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей баяндайды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Ойыл өзені арнасынан тасып Миялы ауылына қауіп төндіріп жатыр. Кеше кештен бері 600-ден астам адам 3 құтқару пунктіне эвакуацияланды. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтар көшіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындарымен бірлесіп, қауіпті учаскелерге 48 мыңға жуық қапшық дайындап, төсеген. Одан бөлек ұзындығы 26 шақырым, биіктігі 2 метр болатын бөгет көтерілді. Бүгін таңғы 04:30-дағы жағдаймен Ойыл өзенінің деңгейі 1 метр 20 см жетті. Сонымен қатар Ойыл өзені бойында орналасқан ауылдардан 2000-нан астам қой-ешкі, 400-ден астам мүйізді ірі қара, 138 жылқы, 20 түйе қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Тұрлан Бекешов, ауыл тұрғыны:
35 мың қап тартылған, соған құм толтырып салынып жатыр қазір. Ауыл жастары, ауыл үлкендері, ауыл техникалары бар, бүкіл ауыл тұрғындары осы жерде күректерін ұстап жүр, соның арқасында әлі тіреп тұрмыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Тасқынмен күреске 3500-ге жуық адам, 200-ден астам техника жұмылдырылған. Алдағы шығарылымдарда өңірдегі ахуалды толықтырып жеткізетін боламын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
12.12.2025, 20:56
Ақмола облысында жыл басынан бері 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді
12.12.2025, 20:53
Ұлттық комиссия кәсіпкер әйелдерді қолдау шараларын күшейтеді
12.12.2025, 20:51
Мүгедектігі бар 522 мыңнан аса азаматқа керек құрал тегін берілді
12.12.2025, 20:48
Астаналық кәсіпкер дүкенін 4 мың көк шар және 1000 тумен безендірген
12.12.2025, 20:46
Мемлекеттік кірістер жүйесінде калькулятор фунциясы қосылады
12.12.2025, 20:44
Пойыздағы улану оқиғасы: Жансақтау бөліміндегі екі бала бөлімшеге ауыстырылды
12.12.2025, 20:15
Астанадағы дәмханалардың бірінде болған жарылысқа қатысты сараптама жұмыстары басталды
12.12.2025, 20:12