Құлсарыда жағдай тұрақтала бастады
Құлсары қаласында жағдай тұрақтала бастады. Құрсай өзенінің деңгейі біртіндеп түсіп келеді. Қауіптің беті қайтқан соң, тұрғындар эвакуациялық пункттерден біртіндеп үйлеріне қайтып жатыр. Құлсарыдағы ахуалды әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт жеткізсін.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Үйіне су кірмесе де, сақтық үшін көшкен тұрғындар баспаналарына қайта оралып жатыр. Жем өзенінің бойындағы жасанды бөгеттерді бұзу нәтижесінде қазір өзендегі су деңгейі де едәуір түсті. Қарулы Күштердің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары бүгінде 10 жасанды бөгетті жарып, судың жолын ашқаннан кейін жағдай қалыпқа келе бастады. Қазір Жем өзені Каспий теңізіне қарай кедергісіз ағып жатыр дейді мамандар.
Манарбек Рахман, ҚР қарулы күштері 41433 әскери бөлімі инженерлік қызметінің бастығы:
Құлсары қаласындағы төтенше жағдайларға байланысты қазіргі таңда Жем өзені бойындағы жасанды бөгеттерді ашу мақсатында жару жұмыстары ұйымдастырылып, жасанды бөгеттердің жолдары ашылды. Осыған орай бөгеттерден ең үлкен көлемде сулар ағып өтіп, Құлсары қаласындағы Құрсай өзегіндегі судың деңгейі түсе бастады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жалпы Жылыой ауданына 586 әскери көмекке келді. Жауаптылар ахуалды қазір үнемі бақылап отыр. Күн сайын әуеден барлау жұмыстары жүргізлуде.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00