Қостанай облысында тұрғындарды аман алып қалған құтқарушылар үйіне оралды
Қостанай облысы Жангелдин ауданында тұрғындарды аман алып қалған құтқарушылар екі аптадан соң үйіне оралды. Құтқарушылар жасағының қызметкері Ғани Сәдуақасов әріптестерімен бірге 26 наурыздан бері су басып қалған Тәуеш, Көлқамыс ауылдарында адамдарды қайыққа отырғызып, қауіпсіз жерге көшірген.
Ғани Сәдуақасов, Қостанай қаласы төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар жасағының құтқарушысы:
Су орып жатты, тезірек қимылдау керек болды. Барлық адамдарды эвакуациялау керек едік. 3 күн толық ұйықтамай жұмыс істеген күндер болды. 12 күн үйде болған жоқпыз. Свет болмады, үйіммен ешқандай хабарласуға мүмкіндік болмады. Сосын бір жетіден кейін свет болып, үйдегілермен сөйлесіп, балаларым бәрі менен сұрап жатыр «қайта кеттің, папа» деп. Өз жұмысымды жақсы көремін. Адамдары құтқарамыз. Қайық тесіліп қалса, осы адамдары суға кетіріп аламын ба деген қорқыныш болады. Жауапкершілік мойнымызда. 12 күн бойы далада жүргеннен кейін тезірек үйге барсақ екен деген сезімдер болды. Апат болмаса екен. Кеше ауылдарда көріп жатырмыз, жастар бізбен бірге жұмыс жасап жатыр.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16