Атырау облысының әкімдігі саяжай тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруді ұсынды
Атырауда Жайық өзені маңындағы саяжай тұрғындары көшуі тиіс. Өйткені олар тұрған аймақ Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан. Әкімдік өкілдері осылай дейді.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:
Жоспарланған меже 229 шақырым, қазір 140 шақырым бөгет салынып, 60 пайыз жұмыстар аяқталды. Біз қазір Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Аспа ауылында тұрмыз. Мұндағы 17 үйде 103 адам тұрады. Әкімдік осы жердегі азаматтарға қауіпсіз жерге көшуді ұсынып отыр. Өйткені бұл аумақта қауіп басым. Мамандар мұнда топырақ эрозиясының ықтималдығы жоғары, сондықтан жағаны қорғау шахталарының құрылысын жүргізу мүмкін емес дейді. Дәл осындай ескерту «Колос», «Мұнай өңдеуші», «АтырауМұнайҚазГеология» бау-бақша серіктестіктеріне жіберілді. Болжам бойынша қалаға мол су 20-25 сәуір аралығында келеді деп күтілуде.
Дәрмия Шынғалиева, Аспа ауылының тұрғыны:
Бүгінгі күнге дейін 16 мың текше метр су шығарылған. Өткен жексенбіде төтенше жағдай жөніндегі қоғамдық штаб құрылып, өз жұмысын бастады. Одан тұрғындар несие мен ипотека төлемдерін кейінге қалдыру, тұрғын үй үшін өтемақы төлеу, бір реттік материалдық көмек секілді сұрақтарына жауап алуда. Осы кезге дейін Жылыой ауданынан 1942 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек алуға өтініш түскен. Зардап шеккен отбасыларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік төлем беру көзделіп отыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07