Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Олар науқастың шақыртуы бойынша үйіне барған. Ол жерде екі күн бұрын қолы жарақаттанған ер адамды тексерген. Мамандар оған ауруханада жатудың қажеті жоқтығын айтып, тіркелген мекен жайы бойынша емханаға қаралуына жолдама жазып берген. Дәрігерлердің жауабына үйдегі басқа адамдар қарсылық көрсетіп, балағаттап, жұдырық ала жүгірген. Қоқан лоққы көрсетіп, сыртқа шығармаған. Оқиға ізімен полицейлер бірнеше факт бойынша шара қолданды. Жәбір көрген жедел жәрдем қызметкерлдеріне сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс сотқа жіберіледі.
Шайхидин Бадиров, Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары:
Агрессивті күш көрсетуден кейін, науқас жанындағы адамдар пәтерді іштен құлыптап, медициналық қызметкерлерді іштен шығармаған. Физикалық күш көрсеткеннен оқиға орнында біздің медициналық қызметкер қыздар, фельдшерлер жарақат алып қалды. Дене жарақаттары алынды. Қазіргі таңда ол кісілердің жағдайы қанағаттанарлық.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00