Атырау облысында бірнеше елдімекен су қоршауында тұр
Атырау облысы Махамбет ауданында бірнеше елді мекен су қоршауында тұр. Солардың бірі - Сарайшық ауылы. Жайық ернеуінен асып, бекітілген жағаға кеп тірелген.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:
Біз қазір Махамбет ауданындағы қауіпті аумақтардың бірі - Сарайшық ауылындамыз. Елдімекен су қоршауында тұр. Өр суы ауылға кіру қаупі туған соң, бағыты бұру үшін Оралға қарай қатынайтын жол жырылған. Мұнда 13 шақырымнан астам бөгет соғылған. Қазір соларды қосымша нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Ауылдағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер, балалар қауіпсіз жерге көшірілген. Мына біз тұрған ортағасырлық Сарайшықты да су басу қаупі бар. Су деңгейі төмендегеніме,н ағыс әлі де қатты. Бөгеттерді жер-жерден бұзып кетіп жатыр. Жалпы соңғы жағдайды осы ауылдық округтің әкімі Жаннат Кенжеғалиевадан білсек.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:
Сұқбатыңыз үшін рақмет. Сарайшықтан бөлек - Талдыкөл, Махамбет ауылдарында да судан қауіп бар. Тасқыннан зардап шегіп, қожалықтарын су басқан шаруалар қайық арқылы қатынап жүр. Су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Дегенмен, жауапты мамандар босаңсуға әлі ерте, деп жағаларда кезекшілікті күшейтті.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00