Жанкент қалашығынан табылған жәдігерлерді шетелдік ғалымдар зерттеп жатыр
Қызылордалық археологтар Еуропа ғалымдарымен бірлесіп көне Жанкент қалашығынан табылған жәдігерлерді зерттеуде. Орта ғасырға жататын шаһардан тұрмыстық дүниелерден бөлек көптеген жануарлардың сүйегі табылған.
Сыр өңіріне арнайы келген Англияның Оксфорд университетінің археологы Эшли Харуда «Ұлы Жібек» жолының бойында көшпенді халықтың қалыптасуы мен урбанизациясы» тақырыбында ғылыми жобаға атсалысуда. Ағылшындық ғалымды Орта ғасырда адамдардың өмір сүру дәстүрінен бөлек, қолда ұстаған жануарлар дүниесі қызықтырып отыр. Жалпы Жанкентте мал шаруашылығынан бөлек, аңшылық, балық аулау кәсіптері жақсы дамығанын зерттеу жұмыстары көрсетіп отыр.
Эшли Харуда, Оксфорд университетінің археолог-палеозоологы:
Қорқыт ата университетінің шақыртуымен осында келдім. Жергілікті археологтар көне Жанкент шаһарынан түйе, сиыр, жылқы мен қойдың көп сүйегін тапқан. Яғни, сол кездің өзінде мал өсіру жақсы дамығанын көрсетеді. Және де балықтың сүйектері де шығып отыр. Тағы бір қызық дерек Оғыздар үйде мысыққа дейін ұстаған. Алдағы уақытта соның барлығына терең талдау жүргізіп, қорытынды шығаратын боламыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
ЕО 15 жасқа дейін балалардың әлеуметтік желіні қолдануына шектеу қоюды ұсынбақ
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03