Астаналық оқушы суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды
Оқыс жағдай кезінде ерлік көрсетіп, өмірге араша түсетіндер аз емес. Мәселен, биыл мектеп бітіріп жатқан ақмолалық Марлен Көшербай, өзенге батып бара жатқан 5 жастағы баланы құтқарып қалды. Бұл оқиға Астананың іргесіндегі Жібек жолы ауылында болған. 52-ші мектеп гимназиясы түлегінің айтуынша, ұйықтап жатқан жерінен қарындасы көмекке шақырған. Бірден өзенге ұмтылған Марлен, баланы судан аман-есен алып шықты.
Марлен Көшербай, 11-сынып оқушысы:Үйге қарындасым жүгіріп келіп, сағат 11-де аға бір бала суға батып жатыр деді. Жолда апам мен анам сол жаққа бара жатыр екен. Олардан озып кеттім. Сөйтіп шешініп анам мен апам келем дегенше суға түсіп, баланы алып шықтым. Сөйтіп оның су киімдерін шешіп, үстіне көрпеше жауып, үйге алып келіп жылытқан болатынбыз. Сөйтіп видеоға түсіріп, ауыл тұрғындарына кімнің баласы деп жібергенбіз.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10