Құлсары қаласының 1200-ден астам тұрғыны баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды
Атырау облысында тасқыннан зардап шеккен 1200-ден астам құлсарылық баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды. 758 тұрғынға баспана сатып алуға және 451 азаматқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қаражат берілген. Сондай-ақ бүгін техникалық зерделеу қорытындысын қайта қарау жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижелерді мамандар тұрғындардың берген өтінішінде көрсетілген ескертулерді назарға ала отырып, жүзеге асыруда.
Ерболат Таңқиев, Құлсары қаласының тұрғыны:
Су келіп әбден бір күннен кейін келдік қой. Сол кезде үйімнің бәрін су алып кеткен. Гаражым құлап қалған. Содан бері жүрміз енді. Бағалаушылар келді. Берген ақшаға осы үйімді саламын болды.
Дариға Ағысова, Құлсары қаласының тұрғыны:
Сол көмекке алдағы уақытта үй аламыз деген ойымыз бар. Енді бәрі жақсы болады деп үміттенеміз. Ел, халық аман болсын. Мұндай жаманшылық еш уақытта болмасын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03