Ақтауда зейнеткерлер гид-экскурсовод қызметін ұсынады
Ақтауда 30-дан астам зейнеткер үш айлық курс оқып, гид-экскурсовод сертификатын иеленді. Енді олар Маңғыстауға саяхаттап келген туристерге қызмет көрсетеді. «Күміс жас» әлеуметтік жобасы аясында білім алған тұрғындар алдымен компьютермен жұмыс істеп, ағылшын тілінде сөйлеуді үйренген. Содан соң экскурсия ұйымдастырып, өткізуді, бағыттарды құрастыруды және экскурсоводтың портфолиосын жасауға машықтанды. Курсты бітірген зейнеткерлердің ең жасы 52-де. Ең үлкені биыл 87 жасқа шығады.
Түрікпенбай Көркембаев, қала тұрғыны:
Февралдан бері оқып жүрміз енді 24-де бітірдік. Экскурсия сосын компьютерден сосын ағылшын тілінен аптада екі рет дәріс берді.
Берік Ахметов, жоба үйлестірушісі:
Өзіміздің оқытушы-профессор құрамынан, біздің білім алушыларымыздан кері байланыс алып, осының бәрін ұзақ мерзімді емес, кварталдық мерзімдегі курсқа жалғастырамыз ба деген ойымыз бар. Біз қазір бір мамандықтан бастадық, енді қосымша мамандықтар санын талқылаймыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08