Екібастұзда магистральдық желілерді 20 бригада жөндейді
Екібастұзда магистральдық желілерді ауыстыру қарқын алды. Бұл сынақ жұмыстарынан кейінгі көріністер. Магистральдік қысым жұмыстары басталған 4 күн ішінде 82 жерден ақау шыққан. Салдарын жою үшін бірден 20 жөндеу бригадасы жұмылдырылды. Шаһарға ыстық су беру кезең-кезеңімен іске асырылады.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:Маусымның алтысында жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталады. Көпқабатты 89 үйге су беріледі. Содан кейін 2-ші және 4-ші магистральде сынақ басталады. Ол кезде 147 үй ыстық судан ажыратылады. Араға 10 күн салып қайта беріледі. Бұл қаланы тұтастай ыстық сусыз қалдырмаудың ең тиімді жолы деп санаймын.
Биыл Екібастұзда үш шақырым жылу магистралі жаңартылады. Қазір жылу электр орталығындағы су жылыту цехында 15-ші қазандық күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бес сорғы ауыстырылады. Бұл жұмыстар келесі жылыту маусымы еш қиындықсыз, сенімді өтуге кепіл береді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00