«Қазақстан» телерадиокорпорациясы медиамектебінің үшінші лек түлектерін шығарып салды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы медиамектебінің үшінші кезеңі аяқталды. Биыл оған еліміздің 4 жоғары оқу орнынан 25 студент қатысты. Болашақ журналистер 6 айдан астам уақыт «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарнасы мен «Қазақ радиолары» серіктестігі мамандарынан шығармашылық және техникалық бағытта білім алды. Оқыту ақысыз негізде жүргізіліп, тәмамдаушы түлектер Ұлттық арнаның кадрлық резервіне енді. Медиамектептің өткен екі кезеңі бойынша 10 маман Корпорацияда еңбек етіп жүр. Биылғы түлектер арасынан 3 студентті жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылданды. Медиамектепке қатысуға 3 жыл ішінде 300-ден астам студент өтінім білдіріп, 80 студент білім алып шықты.
Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы:Біздің міндет - сіздерге мүмкіндік беру. Үлкен бір қадам жасадық деп сенемін. Әрі қарай ақ жол барлықтарыңызға! Ертеңгі күні біздің ортақ саламыз, біздің отандық телевизияның дамуына үлес қосасыздар деп үміттенемін. Біз үшін ең үлкен алғыстарыңыз, ең үлкен бағаларыңыз сол болады.
Ақниет Жеткірбай, медиамектептің үздік түлегі:Медиамектеп үшін Алматыдан Астанаға оқуымды ауыстырдым. Соның ішінде осы қарашаңырақ «Қазақстан» ұлттық арнасында жаңалықтар бөліміндегі Армангүл Тоқтамұраттан тәжірибе алдым. Енді осы алған практикалық-теориялық сабақтарымды көрсетуім керек.
Жандос Темірғали
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00