Құлсарыда баспанасыз қалған тұрғындарға 100 үй салынып жатыр
Құлсарыда құрылыс қарқын алды. Моноқалада тасқыннан кейін баспанасыз қалған тұрғындарға 100 үй салынып жатыр. Аймақтағы ахуалды байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіттен толығырақ білейік. Нұрсұлтан, құрылыс барысы қалай? Алғашқы үйлер қашан салынып бітеді?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:Жұмыс қызу жүріп жатыр. Болашақ ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің көлемі 100 шаршы метрді құрайды. Қазір алғашқы 48 үйдің құрылысы басталған. Жаңа баспананы алуға әзірге 20 адамнан өтініш түскен. Жоба бойынша бұл үйлер 5 бөлмелі. Жұмыс күші де, құрылыс матреиалы да жеткілікті дейді мұндағылар.
Дархан Тілепберген, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:Қаржыландыру көзі «Қазақстан халқына» қорынан 80 проценті, ал 20 пайызы жергілікті бюджеттен. Барлық инертті материалдар, құрылыс материалдары жеткілікті. Мұнда әрбір мекемеде 50 жұмысшы қамтылған барлығы 3 участокта. Жұмысты ағымдағы қыркүйек айында тапсыру жоспарланған.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:Қалған үйлердің құрылысы кезең кезеңімен басталады. Жалпы, баспанасыз қалған 1800 ден астам құлсарылыққа 40 млрдқа жуық өтемақы берілген. Ал, өңірдегі жалпы ахуалға келсек, Жайық өзені 3 смге төмендеді. Жайылымға шыққан су кері Жайыққа құйылып жатыр. Салдарынан Хамит Ерғалиев тен Таңдайға қатынайтын жолды су басты. Қазір жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03