EURO 2024: Дүбірлі доданың басталуына 9 күн қалды
Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 9 күн қалды. Оған Еуропаның УЕФА құрамына кіретін 55 мемлекеттің 24 үздік командасы іріктеліп алынды. Турнирге қатысатын құрамалар 6 топқа бөлінген. Германия құрамасы чемпионатты өткізіп жатқан ел болғандықтан, бірден А тобына жайғасты. Дүбірлі доданың ашылу салтанатын «Qazsport»-тан, ал чемпионат аясындағы алғашқы кездесуді Ұлттық арнадан тамашалай аласыз. Ойын кестесі мен трансляция уақытын және матчтардың қай арнадан көрсетілетіні туралы толық мәлімет «Qazaqstan» және «Qazsport» телеграм-арналарында жарияланды.
Нағи Бақытбеков, «Qazsport» телеарнасының директоры
Қазіргі кезде болатын барлық 51 матч «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарына бөлініп реттелді. Және де сол матчтарда жұмыс жасайтын комментаторлар дайындалып жатыр. Әрбір матчтың алдында студиялық бағдарламалар ұйымдастырамыз. Ол жерде футбол мамандары келіп өткен ойындарды қорытындылап, алдағы ойындарға өздерінің болжамын айтатын болады.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17