Туризм саласында 500 мыңға жуық адам қызмет етеді
Қазір елімізде жарты миллионға жуық адам туризм саласында қызмет етеді. Бұл ресми дерек. Алайда сарапшылардың айтуынша, туризмді тұралатып тұрған сапа мен бағаның сай еместігі.
Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Кездесетін проблема, ол сапа мен бағаның сәйкес келмеуі. Әр жазда бізде туристер жолда немесе қонақүйде қиындықтарға ұшырап жатады. Бағаның сәйкес келмеуін айтып жатады. Оның астарында не жатыр. Басты мәселе бәсекелестіктің болмауы. Бәсекелестік болу үшін туризмге инвестиция әкелу керек. Инвесторлар жағдай жасалмаған жерге келмейді.
Үміт Айтбай, жеке кәсіпкер:
Жалпы бизнесте бізде қазір көбінесе туризмге байланысты болғандықтан қатты бір проблемалар жоқ, Тек қана гид мәселесі бойынша бізде лицензия алу мәселесі бар. Себебі жеке гид болғандықтан, шетелге болсын, ішкі туризм саласында болсын, бізге лицензия міндетті түрде керек. Сол жағы кішкене күрделілеу.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10