Қазақстандағы әуе жүк тасымалын дамыту қажет
Әлемдегі жүк тасымалының 35 пайызы әуе тасымалы арқылы жүзеге асады. Қазақстан да жаһандану үрдісінен қалмауы тиіс. Бүгін елордада өткен «Қазақстандағы әуе жүк хабы – аспандағы жібек жолы» атты өңірлік форумда сарапшылар осылай деді. Жиында халықаралық әуе жүк логистикалық тізбегіне қосылудың мүмкіндіктері мен жолдары талқыланды.
Қазақстан алып теңіздерден алыс орналасқан. Сол себепті, әуенің әлеуетін пайдалануы тиіс. Қазір тауарды жедел жеткізу әлемдік тенденцияға айналды. Транзиттік дәлізді дамыту өзекті. Бүгінгі форумның мақсаты да сол. Шетелдік мамандар мультимодальды тасымалдар, инновациялар мен цифрландыру, әуежайлардың инфрақұрылымы, логистикалық орталықтарға қатысты тәжірибесімен бөлісті.
Стивен Полманс, Халықаралық әуе жүктері қауымдастығының (TIACA) төрағасы:
TIACA - әлемдегі бүкіл әуе жүк тасымалын қамтитын ірі қауымдастық. Қазақстанның әуе жүк тасымалын дамыту бағытын біз қолдаймыз. Бүгінгі жиын - соның алғашқы қадамы. Саланы ілгерілету арқылы елдегі бизнесті өркендетуге болады.
Глин Хьюз, ТІАСА бас директоры:
Қазақстанның потенциалы өте жоғары. Еуропа мен Шығыс арасындағы сауда-логисталық бағытты байланыстырады. Ірі халықаралық авиациялық хабқа айналу мүмкіндігі бар. Ол үшін тәжірибе алмасу маңызды.
Елімізде 24 әуежай бар. Оның сегізінде жүк терминалы орналасқан. Әуе жүк тасымалын ілгерілету – экспортты ұлғайтуға сеп. Мәселен, Орталық Азия елдерімен тауар айналымын 2,4 есе арттыруға болады. 2030 жылға дейінгі еліміздегі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекігені белгілі. Алдағы 6 жылда әуе жүк тасымалын серпінді дамыту – стратегиялық міндет.
Каталин Раду, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:
Логистикалық тізімді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, ұшақтардың ұшу-қону жолақтарын жақсарту, қауіпсіздік мәселелеріне қатысты тәжірибе алмасу біз үшін маңызды. Осылайша алдағы бес жылда әуе жүк тасымалын нығайту жоспарымыз бар. Арнайы жол картасы да әзірленді.
Форумға 30 елден үш жүзден астам авиация саласының өкілдері жиналды. Тараптар алдағы 2 күнде елдегі әуежайлармен ынтымақтастық жөнінде 10-нан аса меморандумға қол қояды.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16