Е.Қошанов: Лудоманияға қарсы заң бүкіл қоғамның сұранысы болды
Құмар ойындарға қатысты жаңа заң бүкіл қоғамның сұранысы болды. Президент қол қойған құжатқа қатысты Мәжіліс төрағасы әлеуметтік желідегі парақшасында өз пікірін білдірді. Ерлан Қошановтың сөзінше, енді түрлі лотерея өнімдерінің ашық қолжетімділігі шектеледі. Ол арнайы интернет-ресурс арқылы ғана сатылады және көшелерде тек классикалық лотерея билеттерін сататын дүңгіршектер ғана қалады. Осылайша, жаңа заң арқылы мемлекет аталған әлеуметтік кеселге тосқауыл қойып отыр, деді Мәжіліс Төрағасы.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Тағы бір маңызды қадам – Қазақстан аумағында онлайн казиноларға тыйым салынды. Бұл талапты бұзған адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Туризм және спорт министрлігіне бүкіл лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың тізімін жүргізетін өкілет берілді. Ал банктер мен төлем ұйымдарына онлайн казинолардың пайдасына қаржылық операциялар жүргізуге тыйым салынды.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда той-думанда ысырапқа жол берілмейді
28.07.2026, 17:08
Дастан Сәтпаев «Челсидегі» алғашқы голын соқты
28.07.2026, 17:07
Полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді
28.07.2026, 17:07
Павлодар облысында экологиялық-танымдық квест өтті
28.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
28.07.2026, 17:03
Жастардың жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендеп келеді
28.07.2026, 17:00
Халық пікірі: Жастар – қоғамның қозғаушы күші
28.07.2026, 16:58
Ассамблея өкілдері Құрылтай сайлауын талқылады
28.07.2026, 16:57