Еуропа Чемпионаты: Жартылай финалда Испания мен Франция кездеседі
Германиядағы доп додасы мәреге жақындады. Бүгін жартылай финалда Испания мен Франция құрамалары кездеседі. Ойын Мюнхен қаласындағы Альянц Арена стадионында өтеді. Матч қарсаңындағы қаладағы көңіл-күйді әріптесім Шерхан Жамбылұлы жеткізеді.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Мюнхенде бүгін биылғы еуроның соңғы ойыны. Бавария астанасы басты фавориттерді қабылдауға дайын. Фан зона әйгілі Мюнхен Олимпиялық стадионының маңында орналасқан. Айналасы жасыл желегі жайқалған үлкен бақ. Бұл рекордтар мен финалдар алаңы. 1972 жылғы Олимпиада ойындары, 1974 жылғы футболдан әлем чемпионатының және 1988 жылғы Еуропа біріншілігінің финалы өткен. Қазір негізінен жеңіл атлетика жарыстары өтеді.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Бұл жерде үш алып экран бар. Ең үлкені 121 шаршы метр. Жасыл алаңдағы ойынның әрбір сәтін мұқият қарауға тамаша мүмкіндік. Мұндағы атмосфера стадионна еш кем болмайтынына сенімдімін.Жанкүйерлер аймағында барынша жағдай жасалған. Шөлдесең арнайы аппараттардан су құйып, күнге күймес үшін крем жағып алуға болады. Оқушы Ямаль бастаған қызыл фурия тағы бір мықтыны жеңе ала ма? Әлде, Мбаппенің жігіттері Францияны кезекті финалға шығара ма? Бұны түнгі сағат 12-де Ұлттық арна мен «Qazsport»-тан тамашалаңыз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32