Франция Спорт министрі Сена өзеніне түсіп, судың сапасын тексерді
Сена өзенінің суы Олимпиада ойындарының қатысушылары үшін қауіпті емес. Францияның Спорт министрі Сенаға сүңгіп, судың сапасын тексерді. Париж қаласының негізгі су артериясы араға ғасыр салып тазартылды. Мұнда 1923 жылдан бері шомылуға тыйым салынған. Себебі жауын жауса болды, қаладағы ағын сулар қоқысымен қоса осы Сена өзеніне келіп құяды.
Париж мэриясының өкілі Пьер Рабаданның мәлімдеуінше, кейінгі 10 күн бойғы зерттеулердің нәтижесі өзен суының сапасы стандартқа сай екенін көрсеткен. Париж Олимпиадасы шілденің 26-да басталып, тамыздың 11-не дейін жалғасады. Ал Сена өзенінде дүбірлі доданың салтанатпен ашылу рәсімімен қоса, триатлон және ашық судағы жүзу жарыстары өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДСҰ: Эбола вирусымен күресуге қолдау қажет
05.08.2026, 13:05
Онкологиядан болатын өлім-жітім 26,6%-ға төмендеді
05.08.2026, 13:03
«Болашақ ойындарының» жетінші күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті
05.08.2026, 10:10
Астанада Жерұйық саябағы аумағында рейд жүргізілді
05.08.2026, 10:07
Бәтима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылады
05.08.2026, 10:07
Еліміздің 17 өңірі мен астанада дауылды ескерту жарияланды
05.08.2026, 10:06
Тойда теріс пікір айтқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
05.08.2026, 10:05
Алматыда жаңа стадионның құрылысы басталды
05.08.2026, 10:04