Павлодар облысында қола дәуіріне жататын жәдігер табылды
Павлодар облысы, Май ауданы, Ақшиман ауылы маңында біздің дәуірімізге дейінгі 8-13 ғасырларда жасалған жәдігерлер табылды. Мамандар қоладан жасалған найзаның ұшын қазып алды. Ғалымдар елде баламасы жоқ бұл жәдігердің Саргарин-Алексеев мәдениетіне жататынын айтады. Көктас-2 археологиялық кешеніндегі қазба жұмыстары бірнеше жылдан бері жүріп жатыр. Биыл мұнда 3500 мың жылдық тарихы бар бірегей ғимараттардың орны, мыс өндірілген шахталар анықталды. Осы аумақта 20-дан астам қорған бар. Олардың кейбірі сақ дәуірінде соғылған деген болжам айтылады. Қорғандарды зерттеу кезінде адам және жануарлардың сүйектері, қыштан жасалған ыдыс-аяқ сынықтары, садақ жебелері табылды.
Асылбек Еламан, студент:
Осы жерде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде менің көзіме осы бір жасыл зат түсті. Содан мен археологиялық практиканың жетекшісін шақырып бұл не екенін сұрап, ары қарай зерттей келе бұл қола дәуіріне жататын найза екенін білдік.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03