Елімізде дәрі-дәрмек арзандайды
Алдағы уақытта елімізде дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін. Өйткені медициналық препараттарды жеткізуші Бірыңғай дистрибьютор енді өндірушілермен тікелей жұмыс істемек. Яғни екі ортада өз бағасын қосатын делдалдар жойылса, баға түседі, - дейді мамандар. Ал бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының қызметіне аудит жүргізіп, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын, сатып алуларын, логистикасын реттейтін заңнамада біраз жүйелік кемшіліктерді анықтаған еді. Тіпті еліміздегі дәрілер зауыт бағасынан 172%-ға қымбат сатылғаны айтылған болатын.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Зеландияға қар жауды
04.08.2026, 17:15
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар 6 мыңнан асты
04.08.2026, 17:12
Сарапшы: Сайлау – әділ әрі ашық қоғам кепілі
04.08.2026, 17:07
Өткен айда теңге 1,3%-ға нығайды
04.08.2026, 17:05
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс артып келеді
04.08.2026, 17:03
Ішкі тауар айналымының көлемі ₸36,2 трлн-ға жетті
04.08.2026, 17:00
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20