Солтүстік Қазақстан облысында үш адамнан бруцеллез анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында үш адамнан бруцеллез анықталды. Олардың екеуі - жасөспірім. Мамандардың айтуынша инфекцияның жұғуына ауру малдың өнімін тұтыну себеп болған. Өңірде бруцеллез бойынша эпидемиологиялық жағдай өршіп тұр. 530 бас ірі қара аталған дертке шалдыққан. Ауру мал тәркіленіп, иелеріне өтемақы беріледі. Бруцеллез жұқтырған ірі қараның 90 пайызы шаруашылықтарға тиесілі. Қауіпті инфекция одан әрі таралмау үшін 4 нысанда шектеу енгізілді. Яғни шаруа қожалықтарынан мал және мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Былтыр 270 бас ірі қарадан бруцеллез анықталған еді.
Аманжол Нұртазин, Облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:
Қолайсыз аймақтардың қатарына кірген ол – Докучаенво, ондағы «Атамекен-агро» ЖШС, Қызылжар ауданында Глубокое ауылында «Астық сату компаниясы», Ақжар ауданында Горьковское елді мекенінде, онда «Ақниет агро» ЖШС және де Айыртау ауданында Гусаквока, ТОО «Гусаковкада». 483-і ол жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарында анықталған.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03
Қытайда жанармай бағасы қымбаттады
16.09.2026, 10:02
Ресейде орман өрті өршіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі құлдырады
16.09.2026, 10:00
ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр
16.09.2026, 09:59
Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді
16.09.2026, 09:58