Балқаш қаласында жаңа үйлер салынып жатыр
Қарағанды облысы Балқаш қаласында жаңа үйлер бой көтеруде. Қазір мысты шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқын алып, көпқабатты 5 үй салынып жатыр. Жаңа ықшам аудан осыдан 10 жыл бұрын құрылып, жыл сайын жаңа үйлермен толығуда. Құны 750 миллион теңге болатын әр үйде 45 пәтер бар. Жыл соңына дейін екеуі пайдалануға беріледі.
Саятбек Мусин, Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің басшысы:
Қазір №7 және №11 үйге қаражаты толығымен берілді. Енді қалғанына беріліп жатыр. Жылдың аяғына дейін каркасын тұрғызып, төбесін жауып, жылу, су құбырларын тартып қоямыз.
Қалада қазір 2 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Соның ішінде әлеуметтік аз қамтылған 908 адам бар. Осы топтағылар бірінші кезекте пәтермен қамтылады. Жаңа үйлердің біразы жалға берілсе, енді біразы банк арқылы жеңілдіктермен несиеге сатылады.
Дархан Өміржанов, Балқаш қалалық Тұрғын үй секторының инспекторы:
Көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 1-2-топтағы мүгедек адамдар санаттары үшін 2 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі көзделген.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00