Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі
Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі. Жұмысқа рұқсат алған шетелдік жұмысшылардың орыс тілін жетік меңгергені туралы сертификаты жарамсыз деп танылса, депортацияланады. Тиісті заң жобасы парламент қарауына жіберілді. Сондай-ақ еңбек мигранттары жұмыс істей алмайтын өңірлердің тізімі жасалды. Мәселен Липецк облысында, Якутияда мигранттар такси, тасымалдау қызметінде еңбек ете алмайды. Жалпы Мемлекеттік Думада мигранттарға талапты қатаңдатуға бағытталған 25 заң жобасы жатыр. Құжат шеңберінде заңсыз миграцияны ұйымдастырғандарға жазаны күшейту, шетелдік жұмысшыларға қызмет ұсынатын сайттарды жабу сияқты ұсыныстар қарастырылған. Осы күні Ресейде 10 миллионнан астам шетелдік жұмысшы бар.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тойда теріс пікір айтқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
05.08.2026, 10:05
АҚШ-та қасақана өрт қойды деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды
05.08.2026, 10:04
Түркістан облысында Құрылтай сайлауында 952 учаске ашылады
05.08.2026, 10:03
Ливан-Израиль келіссөзі өтіп жатыр
05.08.2026, 10:03
«Бейнеу – Сексеуіл» жолы - стратегиялық маңызы зор жоба
05.08.2026, 10:02
Алатауда тұрақты авиациялық отын өндірісі іске қосылмақ
05.08.2026, 10:01
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32