Алатауда тұрақты авиациялық отын өндірісі іске қосылмақ
Үкіметте Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын өндіру жөніндегі экожүйені құру туралы меморандумға қол қойылды. Премьер-министр Олжас Бектенов гонконгтық Full Vision Capital компаниясының негізін қалаушы доктор Питер Лимен кездесіп, экологиялық таза авиациялық отын өндірісі, зияткерлік энергетикалық шешімдер және энергия жинақтау жүйелерін дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Green Kazakhstan жобасы аясында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Алатау қаласында ауыл шаруашылығы шикізатын өсіруден бастап, оны өңдеп, дайын тұрақты авиациялық отын өндіруге дейінгі толық экожүйені қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ ақылды энергетика мен никель-сутекті энергия жинақтау жүйелерін енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға пилоттық жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы