540 млрд теңге инвестиция Qarmet-тің модернизациясына жұмсалады
540 млрд теңге. Qarmet-ТІ жаңғыртуға жұмсалар қаражат көлемі осындай. Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар тобы Қарағанды облысындағы ахуалмен танысты. Әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың жұмысын көріп, өңір тұрғындарымен кездесті. Qarmet-тегі өндірістік қауіпсіздікті бақылауға жауап беретін жаңа диспетчерлік-сараптамалық орталықты аралады. Шахталардың жағдайын мамандар тәулік бойы бақылайтынына және кез келген қызметкермен байланысқа шыға алатынына көз жеткізді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері, «Amanat» партиясының төрағасы:
«Qarmet»-тің қазақстандық компанияның меншігіне қайтарылғаны Қарағанды үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға болғаны белгілі. Компанияға деген сенім артып келеді. 540 млрд теңге инвестиция модернизация мен жұмысшылардың қауіпсіздігін күшейтуге жұмсалатыны айтылды.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02