Елімізде орман өртіне кінәлілер 7,5 млн теңге айыппұл арқалады
Елімізде орман өртіне кінәлілер 7,5 млн теңге айыппұл арқалады. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың дерегінше, Мемлекеттік орман күзеті биыл өрт тұтануына кінәлі 13 адамды ұстады. Қазір олардан 700 мың теңге өндіріп алынған. Жалпы еліміз бойынша 36 мың гектар орман алқабы өртке оранды.
Ал ең ірі орман өрті Жамбыл облысында тіркелген. Мұнда қызыл жалын 19 мың гектар аумақты шарпыған. Атырау облысында 10,4 мың гектар аумақ жанып кеткен. Министр өртті ерте анықтайтын жүйені утильалым қаражаты есебінен орнатуды ұсынды. Ал Үкімет басшысы Олжас Бектенов от ошағын уақытылы анықтау үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Қазір өрт қаупі жоғары маусымның нағыз қызған шағы. Қазгидромедтің деректеріне сәйкес, жаздың соңына дейін елдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады. Оңтүстік өңірлерде тамыз-қыркүйек айларында аптап ыстық күтілуде. Биылдың өзінде 161 орман өрті тіркелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13