Париж-2024: Жалпы медальдар кестесінде қытай көш бастап тұр
Париж Олимпиадасында медаль саны бойынша дәл қазір көш бастап тұрған ел - Қытай. Аспан асты елінің қоржынында 7 алтын, 6 күміс, 2 қола. Жапония 7 алтын, 2 күміс, 4 қоламен екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті жарыс иесі түйіндеді. Француздарда әзірге 6 алтын, 9 күміс, 5 қола.
Ал Қазақстан құрамасы бір алтын, екі қоламен 14-орынға ығысты. Яғни кешегі көрсеткішпен салыстырғанда екі орынға төмендедік. Париж Олимпиадасының жүлделеріне әзірге 44 мемлекеттің спортшылары қол жеткізіп отыр. Жалпы, бүгін дүбірлі додада 10 түрлі спорт түрінен 15 медаль жиынтығы сарапқа салынатынын айта кетейік.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17