Электронды цифрлы қолтаңбаны флешкамен тасымалдауға тыйым салынбақ
Электрондық цифрлы қолтаңбаны енді флешкамен тасу тоқтатылады. Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша бұл процедура кибершабуыл жиілеген уақытта қауіпті. Оның орнына өзге сенімді тасымалдағыш қосымшалар іске қосылады. Олар қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деді.
Руслан Әбдіқалықов, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:
Еліміздегі цифрландыру жүйесі енді басталғанда барынша мол адамды қамту үшін олардың электронды қолтаңбасын флешкаға салып беру ең оңай жол болған еді. Алайда көріп отырғанымыздай, бұл қауіпті әрекет. Сондықтан біз енді электронды қолтаңбаны флешкаға «салып» беру процедурасын тоқтатқымыз келеді.
Сондай-ақ бұдан былай жеке куәліктің көшірмесін ешкім талап ете алмайды. Банк, мекеме, жұмыс орны, қонақ үй төлқұжаттың көшірмесін сұратуға тыйым салынады. Көшірмені талап еткен жағдайда, сол мекеме не адам айыппұл арқалайтынын айтты.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауыз су мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55