Тасқыннан зардап шеккендердің барлығы баспанамен қамтылады
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер үшін 400-ден астам жаңа үй тамыз айының соңына дейін тапсырылады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысы Темір, Мұғалжар, Ойыл, Қобда, Ырғыз және Әйтеке би аудандарының ауылдарына барып, тұрғын үй құрылысының қарқынын тексерді. Жұмысты жеделдету үшін вице-премьер Ойыл және Ырғыз ауданына жұмыс күшін және қосымша техника тартуды тапсырды. 15 қыркүйекке дейін су тасқынынан зардап шеккендердің барлығын баспанамен қамту міндеті қойылды.
Қанат Бозымбаев, ҚР вице-премьері:
Инфрақұрылымдарға да дәл осындай мерзім беріп жатырмыз. Көбісі осы тамыз айында біту керек. Су мәселесі, электр энергиямен қамтамасыз ету, газ, бәрін қосу керек. Үйлерге кіргізу қажет.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00