Бразилияда үш күндік аза тұту жарияланды
Бразилияда ұшақ апатына байланысты елде үш күн қаралы деп жарияланды. Оқиға кеше Сан-Паулу штатының Виньеду қаласы маңында болған. Лайнер тұрғын үйлерге жақын жерге құлады. Оның бортында болған 62 адамның барлығы қаза тапқан. Әзірге апаттың себебі белгісіз. Ұшақтың екі қара жәшігі табылды. Олар Бразилиа қаласына сараптамаға жіберілген.
Мамандар қара жәшіктердің көмегімен ұшақтың неліктен құлағанын анықтап жатыр. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, әскери полиция мен елдің азаматтық қорғаныс департаментінің қызметкерлері барды. Марқұмдардың аты-жөні анықталып жатыр. Ал лайнердің құлаған сәтін көрген адамдар үрейлі сәтті бастан кешкенін айтады.
Жозе Карлос Перейра, куәгер:
Ұшақ дәл үйіміздің үстімен ұшты. Кенет күрт төмендей бастап, жерге құлады. Лапылдаған жалын көрдік. Айнала өртке оранды. Өте қорқынышты, үрейлі көрініс.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12