Түркиялық инвесторлар ауыл шаруашылығына қаржы құюға дайын
Түркиялық инвесторлар ауыл шаруашылығы саласында бірлескен кәсіпорындар құруға дайын. Стамбұлда сала министрімен кездескен түрік компаниялары Қазақстандағы инвестициялық климатқа жоғары баға берді. Біздің елде мемлекеттік қызметтерді алуда және құжаттарды дайындауда жеңілдіктер көп. Сондықтан соңғы 20 жылда түркиялық инвесторлар елімізге 5,1 млрд доллар қаржы салған. Ауыл шаруашылығы саласында олардың қаражатымен 553 млн доллардың алты жобасы сәтті жұмыс істеп тұр. Бүгінде елімізде әртүрлі салада Түркиямен бірлескен бес мыңнан аса компания жұмыс істейді.
Селами Авжы, түркиялық кәсіпкер:
Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында әлем бойынша өте маңызды ел. Сондықтан осы мүмкіндікті дұрыс пайдалануымыз керек. Бүгін Ақтөбеде және Астанада логистикалық орталық құрылысын бастау үшін қазақстандық әріптестерімізбен келісімге қол қойдық. Бұл құны 20 млн еуро болатын инвестициялық жоба.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05
«Бейнеу – Сексеуіл» жолы өңірлерді байланыстыратын маңызды жоба
04.08.2026, 13:03
Үкімет басшысы сауда желілері иелерін сынады
04.08.2026, 13:00
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07