Өскемен мен Риддер арасындағы жолды жөндей бастады
Өскемен мен Риддер арасындағы жолдың тас талқаны шығып жатыр. Республикалық маңызға ие бұл бағытты жөндеу туралы 10 жыл бұрын айтылса да, күрек тимеді. Жалпы 100 шықырым болатын тау арасындағы бұралаңы көп жол қыста қар басса, көктем мен жазда батпақ. Салдарынан апат та жиі болады. Жүргізушілердің арыз-шағымынан соң ғана биыл жөндеу басталды. Осы жылы 40 шықырымы жаңаланады. Қалған 70 шақырымы келесі жылы салынбақ. Жол толық жаңғыртылып жатыр. Сондықтан басты талап сапасында.
Шыңғыс Зайытов, «Қазавтожол» ҰК ШҚО филиалының бөлім басшысы:
Суық ресайклинг әдісі жүргізіліп жатыр. Ол біздің отандық өнімдер мен инертті материалдарды цементпен араластырып, қолданыстағы жол жабындысы үстіне тағы екі қабат асфальт жабындысы салынатын болады. Бұл сапа жағынан жақсы жағын көрсетеді.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00