Атырау облысында ауылшаруашылық өнімдері қымбаттауы мүмкін
Атырау облысында ауыл шаруашылық өнімдері қымбаттауы мүмкін. Өйткені көктемгі тасқын кезінде егістік алқаптар суда қалып, шаруалар шығынға батты. Сол кезде малын қырға айдаған қала іргесіндегі шаруалар қазір бұрынғы қонысына қайта алмай отыр. Суда қалған қора-қопсы үшін өтемақы ала алмаған қожалық иелері бүгін Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетовпен кездесу барысында ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жеміс ағаштарын өсіретін бағбандар төленетін қаржының мардымсыз екенін айтты. Кәсіпкерлермен кездескен Мәжіліс депутаты мәселенің назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Айтуар Қошмамбетов, Мәжіліс депутаты:
Тиісті өтемақы алмаған екен. Өтемақы алу барысында біраз сұрақтар бар. Мысалы жоғалған мал бойынша, одан кейін құжаты жоқ малқоралар бойынша. Біз тиісті министрліктерді жинап, қазір облыс әкімшілігімен кездесіп, ережеге арнайы өзгеріс енгізу, толықтыру туралы ұсыныс береміз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00