Балқашта лагерьде демалып жатқандар жаппай уланды
Балқаш қаласындағы отбасылық пансионатта демалып жатқан 29 адам уланып, 14-і ауруханаға жатқызылды. Олардың 9-ы бала. Демалушылардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Ауруханаға жеткізілгендер ішек инфекциясы бойынша ем алып жатыр. Жағдайлары орташа. Бұған дейін де бірнеше адам осыған ұқсас ауру белгілерімен дәрігерлерге жүгінген. Қазір Қарағанды облысының санитар дәрігерлері тексеруді бастады.
Айгүл Шәтекова, Облыстық санэпидбақылау департаментінің бас маманы:
Балқаш қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары эпидемияға қарсы шараларды бастап, індет ошағына анықтауға кірісті. Науқастар арасында сауалнама жүргізді. Зертханалық зерттеулермен қатар тергеу басталды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Балқаш қалалық полиция бөліміне берілді.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03
Қытайда жанармай бағасы қымбаттады
16.09.2026, 10:02
Ресейде орман өрті өршіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі құлдырады
16.09.2026, 10:00
ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр
16.09.2026, 09:59
Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді
16.09.2026, 09:58