Өзбекстанның таулы аймақтарында сел жүруі мүмкін
Көршілес Өзбекстанда жауын-шашынның мол түсуінен, бірнеше облыста су тасқыны болу қаупі бар. «Узгидромет» осындай шұғыл хабарлама таратты.
Атап айтқанда, біздің еліміздің оңтүстігімен шектесетін Ташкент, Жызақ облыстарында, Қырғызстанмен іргелес Әндіжан, Ферғана мен Наманған аймақтарында, Қашқадария мен Самарқанда сел қаупі сақталады. Төтенше жағдай қызметінің өкілдері өңір тұрғындарына тауға шықпауды есrертіп отыр. Еске салайық, шілденің ортасында Әндіжан облысында су тасқыны болып, екі бірдей көпірді қиратып кеткен еді. Ал осы аймақпен шектесетін қырғыз елінің Ош облысында қатты сел жүріп бірнеше адамның өмірін жалмаған болатын.
Шұғыл гидрометеорологиялық ақпарат:
«Таулы аймақ тұрғындарының алыс сапарға шықпай, сақтық шараларын мейлінше ұмытпауы қажеттігін ескертеміз. Демалушылар мен өзге де азаматтардың, көлік жүргізушілерінің де қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтағаны жөн».
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12